Алматы облысында полиция қызметкерлері есірткі зертханасын жойды

Сурет: Zakon.kz
Талғар ауданында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның есірткі зертханасын анықтап, жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Құқықтық тәртіп" және "Қарасора – 2024" жедел-профилактикалық іс-шаралары шеңберінде жүргізілген операция барысында өз үйінде есірткі зертханасын жасаған Қызылқайрат ауылының 36 жастағы тұрғыны ұсталды.

Жүргізілген сараптама тәркіленген өсімдік жалпы салмағы 1,2 келіден астам кептірілген марихуана екенін растады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, есірткі құралдарымен заңсыз айналысқаны үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Полиция ықтимал тарату арналары мен қылмыстық әрекетке қатысушыларды анықтауға бағытталған тергеуді жалғастырып жатыр.

Айта кету керек, жыл басынан бері өңірдің тәртіп сақшылары он екі есірткі зертханасының қызметін тоқтатты, олардың үшеуі құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру бойынша тікелей жұмыс істеген.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді