Астанада брендтік киім дүкенінен ұрлық жасаған әйел құрықталды

Сурет: Zakon.kz
Нұра ауданы ПБ жедел уәкілдері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлерге сауда орталығының қызметкері хабарласып, белгісіз біреу дүкеннен киім-кешектер ұрлап, жалпы құны 65 мың теңгеден астам шығын келтіргенін хабарлаған.

Тергеу барысында әйел сауда залына келіп, клиент кейпінде тауарды таңдай бастағаны анықталды. Өзіне ұнаған киімдерді алып киіну бөлмесіне барып, ұрлыққа қарсы магниттерін шешіп тастаған. Содан кейін тауарды жасырын алып, дүкеннен шығып кеткен.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі. Астана қаласы полиция департаменті сауда нүктелерінің иелеріне абай болуды және жұмыс орнын қараусыз қалдырмауды қатаң түрде ескертеді. Үй-жайларды бейнебақылау камераларымен жабдықтаңыз және дүкендерде ұрлыққа қарсы сенімді жүйелерді енгізіңіз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады