ШҚО полицейлері 38 млн теңгеден астам қарызы бар азаматты іздеп тапты

Фото: Zakon.kz
Ер адам бір жылдан астам уақыттан бері қарыз алушы мен сот орындаушыларынан жасырынып жүрген.

ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасына жеке сот орындаушысынан 38 миллион теңгеден астам қарызы бар, өткен жылдың наурыз айынан бері өскемендік тұрғынға қарызын бермей жүрген борышкерді іздеуге беру туралы қаулы келіп түскен.

Қызметкерлер хабарламаға жедел ден қойып, 1 тәуліктен де аз уақыт ішінде Шемонаиха ауданында жасырынып жүрген борышкерді іздеп тапқан.

Тәртіп сақшылары берешекті өндіріп алу шараларын қолдану үшін уәкілетті органдарға ақпарат берді. Айта кетейік, жыл басынан бері шығысқазақстандық тәртіп сақшылары 30-дан астам борышкердің мекенжайын анықтаған.

Осы ретте ШҚО полиция департаменті атқарушылық құжатты орындаудан жалтарғаны үшін заңда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты