Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қаласында ауа райы қандай болады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2024 жылдың 13, 14 және 15 қыркүйегіне еліміздің үш ірі қаласында ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың айтуынша, алдағы күндері Астана, Алматы және Шымкентте жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

13 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 9-14, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 17-19 градус жылы.

14-15 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 18-20 градус жылы.

Алматы

13 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 17-19 градус жылы.

14 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 18-20 градус жылы.

15 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 21-23 градус жылы.

Шымкент

13 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 27-29 градус жылы.

14 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 27-29 градус жылы.

15 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 градус жылы.

Бұған дейін метеорологтар елімізде 2024 жылдың 12, 13 және 14 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Олар Қазақстанда ауа температурасының төмендеуі күтілетінін мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды