Димаш Құдайбергеннің концерті мен хоккей матчы кезінде арнайы автобустар жолға шығады

Сурет: Telegram/astana_newss
13 және 14 қыркүйекте "Астана Арена" стадионына арнайы автобустар қатынайды. Бұл күндері Димаш Құдайбергеннің концерті мен хоккейден "Барыс" – "Динамо Мн" матчы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті ақпаратпен 12 қыркүйекте елорда әкімдігі бөлісті.

"13 және 14 қыркүйекте "Астана Арена" стадионында Димаш Құдайберген өнер көрсетеді. Көрермендерге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар ұйымдастырылады", делінген хабарламада.

Көрермендердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жол кептелісін болдырмау мақсатында автобустар бірнеше орыннан аттанатын болады. Нақтырақ айтқанда:

"Іс-шара өтетін орынға жеке көлікпен кіруге тыйым салынады. Арнайы автобустармен жол жүру концерт билетін көрсеткен кезде ғана мүмкін болады. Автобустар сағат 17.00-ден бастап қатынайтын болады". Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ елорда әкімдігі "Барыс" – "Динамо Мн" матчының жанкүйерлері үшін арнайы автобустар жүретінін ескертті.

"13 қыркүйекте сағат 19:00-де "Барыс Арена" мұз сарайында "Барыс" және "Динамо Мн" командалары арасында хоккейден матч өтеді. Жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін ойын өтетін жерге арнайы автобустар қатынайтын болады", делінген хабарламада. 

Жанкүйерлердің қауіпсіздігін, ыңғайлылығын қамтамасыз ету және қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында әкімдік арнайы автобустарды іске қосады. Олар бірнеше орыннан аттанады:


"Іс-шара өтетін орынға жеке көлікпен кіруге тыйым салынады. Арнайы автобустармен жол жүру матч билетін көрсеткен кезде ғана мүмкін болады. Автобустар 17:00-ден бастап аталмыш орындарда болады. Соңғы маршрут 18:30-да шығады". Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды