Алматыда Алатау ауданының әкімі тағайындалды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және қала мәслихатының келісімімен Алатау ауданының әкімі лауазымына Талғат Малыбаев тағайындалды.

Талғат Малыбаев 1987 жылы 20 желтоқсанда Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін "көлік" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Қарағанды қ. "Агро-Консалтинг – К" АҚ Стратегия және бюджеттік жоспарлау департаментінің маманы ретінде бастады.

Әр жылдары құрылыс компанияларында жұмыс істеді, сондай-ақ Алматы қаласының "Алматы жылу желілері" ЖШС-де, Алматы облысының "Жетісу" ӘКК ҰК АҚ-да басшылық қызмет атқарды. "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ ТКШ қызметтерінің сапасын арттырудың базалық бағытын іске асыру тобының жетекшісі болып жұмыс істеді.

2023 жылы маусымнан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі