Елордада полиция қызметкерлері тұрғыннан 1,5 келі гашиш тәркіледі

Фото: Zakon.kz
Жедел-іздестіру шаралары барысында елордалық полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен 50 жастағы ер адамды ұстады.

Жедел уәкілдер ұсталған адамның пәтеріне тінту жүргізу кезінде жасыл-сұр түсті зат салынған пакетті тапты.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы бір жарым келіге жуық гашиш болып шыққан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз