Түркістан облысының тұрғындары полицияға 100 қару тапсырды

Фото: Zakon.kz
ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен атыс қаруын қолдану арқылы жасалған құқық бұзушылық, қылмыстарының алдын алу мақсатында, Түркістан облысында тұрғындардан заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізілуде.

Жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 76 азамат полицияға өз еркімен 100 атыс қаруын тапсырды.

Оның ішінде 10-ы – кіші ойық ұңғылы мылтық болса, 90-ы – тегіс ұңғылы мылтық болды.

Сонымен қатар тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтарға орта есеппен 70 мың теңгеден 123 мың теңге аралығында қарудың жарамдылығына қарай ақшалай сыйақы берілді.

Сондай-ақ акция барысында Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды заңсыз сақталған және тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыруға кеңес береді.

Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды