18 қыркүйектегі саудада доллар тағы да арзандады

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 18 қыркүйекте сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,46 теңгеге төмендеп, 478,96 теңгені құрады.

Қытайда 2024 жылдың 16-18 қыркүйегі аралығындағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда-саттық болған жоқ.

Ақша айырбастау орындарында доллар 479,1-481,3 теңгеге, еуро 531,5-535,5 теңгеге, ресей рублі 5,21-5,31 теңгеге сатылуда.

Ал 18 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE биржасында қарашада жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне $72,57 (-1,53%) деңгейінде саудаланады.

Қазан айында жеткізілетін Texas WTI мұнайының фьючерстері барреліне 69,02 долларға (-1,34%) төмендеді.

18 қыркүйек күні таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 480,63 теңге, еуроны 535,13 теңге, рубльді 5,27 теңге деп бекітті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін