Шай қорабына бірнеше телефонды жасырып, колонияға өткізбек болған күдікті анықталды

Фото: Zakon.kz
Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14 мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізбек болған күдікті анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шай қорабының ішіне фольгаға оралған үш телефон, роутер және екі қуаттағыш құралды жасырған ер адам оларды бандероль арқылы жіберді.

Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында заңсыз өткізу фактісінің жолы кесілді. Бандерольден шыққан тыйым салынған заттар тәркіленді.

"Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша материал жиналып, ер адамға қатысты шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", – деп атап өтті ҚАЖД бастығының м.а. Бақытжан Шәріпбеков.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы