Депутат: Жедел жәрдем кешігіп жетіп, әкемнен айырылып қалдым

Фото: akorda.kz
"Жедел жәрдем кешігіп жетіп, әкемнен айырылып қалдым". Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков Парламент қабырғасында медициналық көмек көрсету қызметін сынға алды.

Ол ауыл-аймақты былай қойғанда, ірі қалаларда да жедел жәрдем қызметі белгіленген уақыттан кешігіп жететінін айтады.

Сондықтан депутат әлем елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, медициналық көмек көрсету ережесін қайта қарауды ұсынды, деп жазады qazaqstan.tv.

Мәселен, АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия, Аустрия, Ирландияда бұл қызметтің "шұғыл" және "өте шұғыл" деген екі бөлімі жұмыс істейді", — дейді Данабек Исабеков

"Жәдел жәрдем 30 минутта келді. Ереже бойынша пациеттің жағдайы 2-ші жеделдік санатта болғандықтан 15 минутта жетуі тиіс еді. Бірақ кешіккеннен кейін тиісті жәрдемін көрсете алмай, әкемізден айырылып қалдық. Ереженің осы нормалары көп жағдайда сақтала бермейді. Кейде жедел жәрдем 1 сағаттан аса уақытта жетеді. Мұны қалай жедел жәрдем деп атауға болады?" Данабек Исабеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев