Қалдықтарды дұрыс пайдаланбау қоғамдық аумақтарды ластайды, қоқыс шығаратын компаниялардың жұмысын қиындатады және аулалардың санитарлық жағдайын бұзады. Қоқыс таситын көліктер үлкен көлемді қалдықтар мен құрылыс қоқыстарын шығара алмайды, себебі бұл олардың престеу жабдықтарын зақымдауы мүмкін.
Алматы қаласын абаттандыру қағидаларына сәйкес кәсіпорындар, мекемелер мен жеке тұлғалар ірі көлемді қоқысты өз бетінше әкетуге немесе қоқыс шығаратын ұйымдармен тасымалдау туралы шарт жасасуға тиіс. Жөндеуді жүзеге асыратын немесе ірі габаритті қалдықтарды жинаған тұрғындар қоқысты ақыға шығару үшін мамандандырылған ұйымдарға жүгінуге не оны Алматы облысының Іле ауданында орналасқан полигондарға өз бетінше жеткізуге тиіс (Алматы — Өскемен тас жолы, 34/1 https://go.2gis.com/5wg4xn) және Қарасай (с. Айтей, 144-ші есеп тоқсаны, 4690 https://2gis.kz/almaty/geo/70000001051600536).
2024-2025 жылдары санитарлық жағдайды жақсарту үшін Алматы қаласында 786 ескісін ауыстыру және 2000-нан астам жаңа тереңдетілген контейнерлерді орнату жоспарлануда. Бұл контейнерлер қоқыс жәшіктері алып жатқан аумақтарды қысқартады, жағымсыз иістердің таралуын болдырмайды және жануарлардың қоқысқа қол жеткізуін шектейді.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 505-бабына сәйкес абаттандыру ережелерін бұзғандар үшіну 20-дан 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.