Қостанайда есірткі таратқан студент 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Сурет: ҚР ІІМ
Қостанайда спорт факультетінде оқитын студент есірткі таратқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін полиция облыс орталығының түкпір-түкпірінде есірткі таратумен айналысқан екі адамды ұстаған болатын. Олардың бірі дене шынықтыру факультетінің 4-ші курсында оқыған.

Олардың жалдамалы пәтерін тінту кезінде қызметкерлер 4 келіден астам синтетикалық есірткі – "а-PVP" тәркіледі. Сонымен қатар электронды таразылар, 240 мини-магниттер, электр таспасы, фольга және есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылды.

Қара нарықта алынған партияның құны шамамен 100 млн теңгені құрайды. Полицейлер айналымға 15 мыңнан астам дозаның жіберілуіне жол бермеді.

Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде таратқаны үшін сот үкімімен екеуіне де 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері заңсыз айналымнан 63 келі түрлі есірткі заттарын тәркілеген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз