Астанада қыздарға адам папиллома вирусына қарсы екпе салу басталды

Сурет: freepik
Астанада бүгін, 23 қыркүйекте адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцина егу науқаны басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта қалада вакцинаның 12 мыңнан астам дозасы бар. Жоспарлы тәртіппен вакцинациялауға қала бойынша барлығы 13 мыңға жуық 11 жастағы қыздар жатады. Сондай-ақ 12-13 жас аралығындағы қыздарға толықтыра иммундау қарастырылған.

"Вакцинация мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдердің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Ата-аналардың қалауы бойынша вакцинация тіркелген жері бойынша емханаларда да жүргізілуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда бұл вакцина әлемнің 135 елінде қолданылады, соның арқасында бірқатар елде әйелдер арасында АПВ таралуы бүгінгі күні 90%-ға төмендеді.


"11 жастан бастап қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинациялауды бастау – біздің өскелең ұрпақтың болашақ денсаулығын қорғаудағы маңызды қадам. Біздің мақсатымыз – барынша қорғанысты қамтамасыз ету және халық арасында сырқаттанушылықты азайту. Біз ата-аналарды балаларын қауіпті аурулардан сақтау үшін осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз", - деді Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова.
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды