Қазақстандықтарға уәде етілген кезекті төлем жайлы ақпарат жалған болып шықты

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Әлеуметтік желіде тарап жатқан кезекті төлем туралы ақпарат жалған болып шықты. Бұл жолы жалған брокерлерден зардап шеккен қазақстандықтарға белгісіз адамдар ақшаны қайтаруға уәде береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жолы қаражатты ҚР Қаржы министрлігі осы мақсатта арнайы бөлген екен.

Сурет: Stopfake.kz

Stopfake.kz мамандарының ақпаратынша, Қаржы министрлігі мұндай бағдарламаны іске қосқан жоқ. Ведомствоның ресми сайтында алаяқ брокерлерден зардап шеккендерге төлеу үшін қаражат бөлінетіні туралы жазылмаған.

Жарнама "Вектор" заң фирмасының атынан таралуда.

Алаяқтар сілтеме арқылы өтіп, тегін кеңес алуды ұсынады. Белгісіз сайтта "1000 еуродан артық ақшаңыздан айрылсаңыз, команда Сізге алаяқ брокерден шығынның 96% қайтарады" делінген. Өтінішіңіз бойынша жұмысты бастау үшін жеке деректеріңізді қалдыру керек.

2023 жылы "Вектор" компаниясын қаржылық алаяқтарды анықтаумен айналысатын портал тексерген. Сайттың қорытындысы белгілі: "Векторды" қылмыскерлер құрған.

Алаяқтар Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Өзбекстанда, Ресейде және басқа елдерде де әрекет етеді.


"Бұл алаяқтардың қулығы. Белгісіз біреулерге ақша аудармаңыз",- деп кеңес берді мамандар.

Бұған дейін Қостанайда есірткі жасырып кетумен айналысқан студенттердің 11 жылға түрмеге тоғытылғаны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды