Қостанайда есірткі жасырып кетумен айналысқан студенттер 11 жылға түрмеге тоғытылды
kstnews.kz ақпаратынша, сотталған студент төртінші курста білім алады.
Олардың жалдамалы пәтерін тінту кезінде 4 кг-нан астам синтетикалық есірткі — "А-PVP" тәркіленді.
Сурет: kstnews.kz
Сонымен қатар, электронды таразылар, 240 мини-магниттер, электр таспасы, фольга және есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылды.
Сурет: kstnews.kz
Табылған есірткінің құны қара нарықта шамамен 100 млн теңгені құрайды.
Осылайша, полицейлер айналымға 15 мыңнан астам дозаны жібермеді.
Сурет: kstnews.kz
Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде таратқаны үшін сот үкімімен екеуі де 11 жылға бас бостандығынан айрылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Бұған дейін Өскемендік полицейдің жаяу жүргіншіні қағып өлтіргені хабарланды.