Ақмола облысында есірткі жасырумен айналысқан күдікті 15 жылға дейін сотталуы мүмкін

Ақмола облысында есірткі жасырумен айналысқан күдікті 15 жылға дейін сотталуы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2024 17:40 Сурет: polisia.kz
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері есірткі жасырып кетумен айналысқан жас жігітті "жұмыс орнында" ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеке тінту кезінде жедел уәкілдер 19 жастағы солтүстікқазақстандықтан 23 полиэтилен орамасын, тағы 24-ін полицейлер жалдамалы пәтерден тапты. Жүргізілген сараптама көрсеткендей, күдікті a-PVP психотроптық затын таратқан, ол жалпы салмағы 40 грамнан асады, бұл өте үлкен мөлшер болып саналады.

Өткізу фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүргізеді, оның барысында жас жігіт қамауда болады.

Тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Психотроптық заттарды заңсыз өткізу) бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: