Бейне TikTok-та жарияланды.
Халықты үрейге салған бейнеге қатысты Жамбыл ауданы әкімдігі түсініктеме берді.
"Жамбыл ауданының аумағында әскери жаттығулар өтуде. Аудан тұрғындарын дүрлікпеуге және тыныштық сақтауға шақырамыз... Жалған ақпарат таратпауларыңызды және халық арасында дүрбелең тудырмауларыңызды сұраймыз!"- деп жазды аудандық әкімдік Instagram Stories-те.
Сурет: Instagram/zhambyl_audany
Толығырақ ақпаратты Алматы облысының әкімдігі ұсынды.
"2024 жылғы 16-25 қыркүйек аралығында Алматы облысының Жамбыл ауданында әскери міндеттілерді даярлау және қайта даярлау бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізіледі. Оқу-жаттығулар "Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштері туралы" ҚР Заңы, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңы, Алматы облысы әкімдігінің және аумақтық қорғаныс бригадасының жұмылдыру дайындығы жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ Алматы облысы әкімдігінің қаулысы негізінде ұйымдастырылды". Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова
Оның айтуынша, оқу-жаттығуларға Алматы облысы Жамбыл ауданы аумақтық қорғаныс бригадасының басқармасында, батальон басқармасында және аумақтық қорғаныс батальонының күзет ротасында тіркелген әскери міндеттілер қатысады.
"Оқу-жаттығудың мақсаты-жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды сапалы дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету. Оқу-жаттығу шеңберінде әскери жиындар өткізу жөніндегі іс-шаралар көзделген".Жанна Арынбекова
Бұған дейін, Алматы қаласында 26 қыркүйекте аумақтық қорғаныс бойынша "Қорғау-2024" арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтетіндігі хабарланды.
Оқи отырыңыз