Алматылықтарды атыс пен жарылыс дыбыстарына алаңдамауға шақырды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михее
Алматы қаласында 26 қыркүйекте аумақтық қорғаныс бойынша "Қорғау-2024" арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтеді
Оқу-жаттығу барысында әртүрлі қаруды қолданудың сыртқы белгілеріне ұқсайтын жабдықтар қолданылады (дыбыстық эффект, оқтың жарқылы, снаряд немесе минаның жарылысы кезіндегі бұлт тәріздес түтін, қоспалар мен аэрозольдердің шашылуы).
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына алаңдамауды және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз.
"Оқу-жаттығу Жетісу ауданында, "ЖЭО-1" аумағында өтеді." Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы
Бұған дейін Қорғаныс министрлігі қазақ халқына 26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Алматы облысында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерімен командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізу жоспарланғанын ескерткен. Осыған байланысты әскери қызметшілер екі облыстың аумағынан өтеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript