Қазірдің өзінде қайыңның жапырағы қалың бұтағынан 147 мың бума дайындалды. Былтыр 135 мың бума дайындалған еді.
Жоспар бойынша орылуға тиіс 451 тонна шөптің біраз бөлігі орылып, шөмелеге үйілді. Шөп ору науқаны әлі жалғасады. Бұдан бөлек, 20 тонна жемдік тұз сатып алынды.
Ұлттық парк қызметкерлері ормандағы алаңқайларда орнатылған 40 науаны жөндеп, жаңадан 15 науа жасады. Науалардың тұз төгетін, бума байлайтын, шөп салатын жерлері бар.
Бұл өңірдің қысы қатал. "Бурабай" БҰТП жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бөлімінің бастығы Юрий Зелинскийдің айтқандай, аң-құстарға қамқорлық жасамаса, көктемге қиналып шығуы мүмкін.
- Қыс бойы орман инспекторлары мен қорықшылар науаларды тексеріп, жем-шөп бітіп қалмауын бақылап отырады. Биыл қайың жапырақтарынан бума жасаудан қалған қалдықтарын жинап, қабандарға 15 пана жасадық. Қатты аяз-борандарда осыв жерге келіпп, ықтайды, — дейді Ю.Зелинский.
Осылайша, "Бурабай" МҰТП қыс мезгіліне жан-жақты дайындалып, жергілікті аң-құстарға азық-түлік пен ықтасын пана ғана емес, сонымен қатар қатал қыс жағдайында аман қалу үшін қауіпсіз жағдай жасап жатыр.