Қазақстанның халық әртісі Шахимардан Әбілов педагог-ардагерлерге арналған шығармашылық кеште өнер көрсетті

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасында Халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Шахимардан Әбіловтың шығармашылық кеші өтті.

Мұғалімдер күніне орайластырылған іс-шараны Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырды.

Шахимардан Әбілов жоғары өнер сүйер қауымды "Толық адам, ой толғау, хакім Абай" монооперасын орындап, тәнті етті. Танымал орындаушыны тыңдауға еңбек сіңірген педагогикалық еңбек ардагерлері мен көрнекі әртістер келді.

"Толық адам, ой толғау, хақім Абай" монооперасы — Абай Құнанбаевтың мәңгілік өлеңдері мен философиялық еңбектеріне негізделген терең әрі жанды музыкалық шығарма. Моноопераның әрбір нөмірі — Абайдың философиялық мұрасындағы жеке тарау, онда музыка мен дауыс арқылы адамның әлемдегі орны, білімнің, даналықтың және рухани тазалықтың маңыздылығы турал сыр шетріледі.

"Мен өз шығармашылығымды өскелең ұрпаққа арнаймын, өйткені олар — біздің болашағымыз. Егер балалар Ұлы Абайдың шығармашылығын шынымен түсініп, сүйсе, өзімді бақытты сезінемін", — деді Шахимардан Әбілов.

Әртістің шығармашылығы Қазақстаннан тыс жерлерде де белгілі. Ол Париждегі Плейель залы, Винченсо, Берлин, Тель-Авив, Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының кіші залы сияқты әлемдегі ең беделді сахналарда өнер көрсетті. Оның Лондондағы Barbican концерт залында корольдік камералық оркестрмен өнер көрсетуі кеңінен танымал болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды