"Күн қайта ысиды". Алматы қаласы бойынша бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Алматыда алдағы аптада ауа райы қалай болатынын болжады. "Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, келесі аптада күн ысиды. Алайда кейбір күндері жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, сынап бағаны күндізгі уақытта бір апта ішінде +27°С-қа дейін көтерілуі мүмкін, 2024 жылы 5-11 қазан аралығында қысқа мерзімді жауын-шашын болуы ықтимал.

5 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +23...+25°С.

6 қазан: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұста - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +12...+14°С, күндіз: +21...+23°С.

7 қазан: аспан бұлтты, аракідік аздап жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +18...+20°С.

8 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°С, күндіз: +21...+23°С.

9 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +9...+11°С, күндіз: +21...+23°С.

10 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +11...+13°С, күндіз: +25...+27°С.

11 қазан: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұста - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +12...+14°С, күндіз: +23...+25°С. 

Бұған дейін синоптиктер Қазақстан аумағында алдағы үш күнде сынап бағаны +30°С дейін көтерілетінін болжаған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды