Өзбекстанда сұйытылған газ бағасы күрт өсті

Фото: kmg.kz
Өзбекстанда сұйытылған газдың бағасы күрт өсті. Елдің энергетика министрлігі мұның себебін өндірістің азаюымен түсіндіреді.

Сондай-ақ, газбен жүретін көліктердің көбейіп жатқаны жағдайды ушықтырып отыр. Салаға жауаптылар, баға жыл соңына дейін тұрақталады дейді.

Өткен жылы сұйытылған газ өндіру көлемі 800 мың тоннадан асқан. Ал, биылғы меже 850-860 мың тонна болғанымен, ол сақталмай отырған сыңайлы.

Егер, жаңа жылға дейін пропан мен бутан газын өндіру жоспары орындалса, жағдай реттелуі мүмкін. Бағаның көтерілуінің тағы бір себебі – соңғы бір жылда көрші елде газбен жүретін көлік саны 57%-ға көбейген.

Метан газын тұтынушылардың да қатары өсіп жатыр. Газ құю станцияларында сұйық отынға сұраныстың артуы, өнім құнының шарықтауына алып келген.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дастан Сәтпаевтың "Бернли" сапындағы ойынына баға берілді

Белгілі дәрігер ӘМСҚ есебінен 53 млн теңге жымқырғаны үшін қандай жаза алды

Жексенбіде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Елдің алты қаласында ауа ластанады

Тоқаев пен Хун Манет Бірлескен мәлімдеме қабылдады