Астанада алаяқ әйел ондаған адамды алдап кетті

Фото: freepik
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен азаматшаны ұстады.

Ол қала тұрғындарының ақшасын алдап иемденген 21 жастағы қыз болып шықты.

Анықталғандай, алаяқ әлеуметтік желілерде ақша ұтысы туралы тартымды хабарландырулар орналастырған. Алайда, ұтқан ақшаны алу үшін адамдар сол сомадан 10-20 пайыз көлемінде қаражат төлеуі қажет болған.

Жергілікті тұрғындар көрсетілген нөмірлерге ақша жібергеннен кейін, алаяқ оларды бұғаттап тастаған. Ұсталған әйел өз кінәсін мойындады.

Алаяқтық фактісі бойынша алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдіктінің осыған ұқсас 10 оқиғаға қатысы бар екендігі анықталды.

Полиция азаматтарды түрлі тақырыптағы конкурстар, сауалнамалар және дауыс берулер түрінде таратылатын күмәнді сілтемелерге өтпеуді және жеке деректерін енгізбеуді сұрайды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді