Қостанай облысының бұрынғы әкімі дүние салды

Сурет: Instagram/qumaraqsaqalov
Қостанай облысының бұрынғы әкімі Кенжебек Укин 85 жасына қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы хабармен қазіргі облыс әкімі Құмар Ақсақалов Instagram-дағы парақшасында бөлісті.


"Кенжебек Укинович Укиннің өмірден озғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Ол елдің дамуына үлкен үлес қосқан абыройлы мемлекет және қоғам қайраткері болды. Кенжебек Укинович еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, облыс әкімшілігінің басшысына дейінгі ұзақ жолды жүріп өтті. Ол, әсіресе Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастыру жылдарындағы қиын кезеңдерде ерен еңбегімен танылды. Марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Оның еңбегі мен парасаты болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі болып қалады. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын", деп жазды Құмар Ақсақалов 13 қазанда.

Кенжебек Укин - ұстаздықтан басшылық қызметке дейін көтерілген өңірдегі беделді саясаткерлердің бірі. Ол кісі 1990 жылдардың басында Торғай және Қостанай облыстарын басқарған.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды