Ұлттық банк басшысының мәлімдемесінен кейін теңге нығая түсті

Өткен аптада Ұлттық валюта бағамы 3% — ға дейін әлсіреп, Форексте 1 АҚШ доллары 496 теңгеге бағаланды. KASE-дегі көк қағаз құны 493,2 теңгеге жетті.

11 қазан күні Ұлттық Банк базалық ставка бойынша кезекті шешімнен кейін теңге бағамына қатысты да түсініктеме берді. Тимур Сүлейменовтың осы мәлімдемесінен кейін төл теңгеміз күрт нығайып, құлдырау бәсеңдеді.

Сарапшылар Ұлттық Банктің коммуникациялық қадамын ерекше атап, мұны ресми түрде валюталық интервенция жасамай-ақ "бағаны бақылауда ұстау", — деп бағалады.

"Бас реттеуші, бір жағынан ұлттық қордың операторы, екінші жағынан БЖЗҚ және KASE валюта нарығындағы негізгі ойыншылардың бірі теңгенің айырбас бағамының USDKZT динамикасына жедел әсер ете алғандығы, үлгі ететіндей кейс болды", — деп жазды экономист Ғалымжан Айтқазин "TENGENOMIKA" телеграм-каналында.

Теңге бағамына тікелей әсер еткен Ұлттық банктің зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне доллар сатып алуды тоқтату туралы шешімі. Яғни бұл қадамды мемлекеттік бюджетке трансферттер үшін Ұлттық қордан алынған ақшанарықта қалады, сол арқылы басым ұсынысты қамтамасыз етеді деп түсіндіруге болады.

"Ұлттық Банк коммуникациясының тиімділігі біртіндеп артып келеді. Бүгінгі жүргізілген ауызша интервенция нарық динамикасына айтарлықтай әсер етті. Іргелі факторлар теңгенің асыра бағаланғанын көрсетпейді. 2024 жылдың 1 жартыжылдығында бюджеттегі дефицит бар болғаны 0,3 млрд долларды көрсетті. (2023 жылдың 1 жартыжылдығында 5,0 млрд доллар). 2024 жылдың 7 айында сыртқы сауданың профициті 13,3 млрд (3,4 млрд YoY) болды. Тиісінше, нарықта валютаның тұрақты тапшылығы туралы айтудың қажеті жоқ", — деп жазды экономист Эльдар Шамсутдинов "Комментарий" телеграм-арнасында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, БЖЗҚ-ның валютаны сатып алуды тоқтата тұру туралы мәлімдемесінен кейінгі сауда-саттық динамикасы, шын мәнінде нарықтағы валютаға сұраныстың әлсіздігін көрсетеді. БЖЗҚ түрлі тәсілдерді қолданбай-ақ, теңгенің нығаюына әлеуеті бар.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: