Алматыдан Есікке дейін үлкен сыйымдылықтағы автобустар қатынайды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда мегаполисті агломерациямен көлік байланысын арттыру мақсатында қала маңындағы қоғамдық көлік бағыттарын ашу жалғасын тауып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 қазаннан бастап үлкен сыйымдылықтағы автобустар "Райымбек" метро бекетінен Есік қаласына дейін қатынайды, соңғы аялдамасы – Еңбекшіқазақ ауданының Қызылжар ауылы.

№252 бағытында 25 автобус қызмет көрсетеді, жүру аралығы 10 минут. Бұл бағытқа "ECOBUS SERVICE" ЖШС қызмет көрсетеді.

Бұған дейін Алматыда 34 қала маңы бағыты ашылып, оларға 491 автобус бөлінген болатын. Жыл соңына дейін Алматы агломерациясындағы 70-ке жуық елді мекенді қамтитын тағы 19 бағыт ашу жоспарланып отыр.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан
Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді