Түркістан облысында полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 280 адамды анықтады

Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысының аумағында 14-18 қазан аралығында өткізіліп жатқан "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 280 адамды анықтады.

Оның ішінде 229 шетел азаматы мен Қазақстан Республикасының 51 азаматы тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен ҚР көші-қон заңнамасын бұза отырып, шетелдіктерге тұрғын үйді заңсыз бергені үшін 40 құқық бұзушы және шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 11 ҚР азаматына шара көрілді.

Сайрам ауданында көші-қон саласының қызметкерлері ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған жақын шетелден келген 4 азаматты анықтады, оларға қатысты жинақталған материалдар сотқа жіберілді.

Сондай-ақ халықтың көші-қоны туралы ҚР заңының талаптарын өрескел бұзғаны үшін сот шешімімен 60 шетелдік азамат елден шығарылды.

Өз кезегінде полицейлер азаматтарды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырады. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды