Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметінен босатылды

2024 жылғы 15 қазанда Талғар әкімі мен оның орынбасары өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметінен айырылды. Енді тағы бір шенеуніктің: Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев отставкаға кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы аудан әкімдігінің сайты хабарлады.

"Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Қасымбаев Аслан Нұрғайыпұлы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Талғар ауданының әкімі Айдарбеков Таңат Есенкелдіұлы және оның орынбасары Бидаев Айбек Дүйсембекұлы "сөгіс" түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін әкімдік Талғар әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындықтың өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметінен босатылғанын хабарлаған еді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: