Күннің суытуына байланысты Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда 14 қазаннан бастап жауын-шашын түсе бастады, аракідік жаңбыр жауады. "Қазгидромет" РМК-ның болжауынша, ертең, 17 қазанда қар жаууы мүмкін.

Күн райының суытуына байланысты ауа температурасы төмендеп, көктайғақтың пайда болуына әкелуі мүмкін.

"Көктайғақ қаупіне байланысты, әсіресе әл-Фараби даңғылынан жоғары аймақтарда көлік иелері қауіпсіздік үшін жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстырғаны жөн." Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Коммуналдық қызметтер көктайғаққа қарсы жұмыстарды жедел жүргізуге дайын. Бұл жұмысқа 10 мердігер ұйым, 841 техника және 1405 жұмысшысы жұмылдырылды. Көктайғаққа қарсы 76 тонна материал дайындалған.

Жолда көктайғақ болуы мүмкін, сондықтан жүргізушілер жылдамдықты азайтып, көлік арақашықтығын сақтап, шұғыл бұрылмауы керек, өйткені апат қаупі жоғарылайды. Жаяу жүргіншілер де тротуарларда жұқа мұздың пайда болу қаупіне байланысты абай болуы қажет.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз