18 қазандағы саудада доллар тағы екі теңгеге арзандады

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 18 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,09 теңгеге төмендеп, 485,04 теңге болды.

Юаньнің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 68,17 теңгені (-0,16) құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 482,9-485,9 теңгеге, еуро 523,5-528 теңгеге, ресей рублі 4,99-5,09 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 18 қазандағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында желтоқсан айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,12%-ға өсіп, барреліне $74,54 құрады.

NYMEX электрондық саудасында қараша айындағы WTI мұнай фьючерстері барреліне 0,20%-ға қымбаттап, 70,81 долларды құрады.

Жалпы, апта басынан бері Brent маркалы мұнай 5,6%-ға, WTI 6,07%-ға арзандады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 487,24 теңге, еуроны 529,34 теңге, рубльді 5,02 теңге деп белгіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін