Қызылордада өзінен кіші баланы ұрып өлтірген оқушыға сот үкімі шықты

Фото: Zakon.kz
Қызылордада оқушыны ұрып өлтірген жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты. Қайғылы оқиға жыл басында қалаға қарасты Белкөл кентінде болған.

Сотталушы елдімекендегі көпқабатты үйдің подъезінде өзінен кіші балаға әлімжеттік көрсетіп, кеуде тұсынан жұдырықпен бірнеше мәрте ұрған.

Алған соққыдан 9-сынып оқушысының жүрегі тоқтап, сол мезетте қайтыс болады. Сот процесі барысында оқиғаның мән-жайы айқындалды.

Жоғары сыныптың оқушысы көз жұмған жасөспірімді темекі шеккені үшін ұрып-соққан, деп жазады qazaqstan.tv.

Күш көрсетемін деп адам өмірін қиған сотқардың кінәсі сотта дәлелденді.

Сот үкім етті, ҚР ҚК 106 бабының 3-бөлігімен сотталушы кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ. Дәурен Тайыров, облыстық Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот әкімшісінің басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы