Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 10 түрі бойынша Қазақстан 100% қамтамасыз етілгенін атап өтті. Бұл ұн, тұз, күріш, макарон, май, картоп, қой еті, сиыр еті, сәбіз.
"14 азық-түлік тауарларының 80%-ы қамтамасыз етілген. Импортқа тәуелділік құс еті бойынша — біз өзімізді 73%-ға, шұжық – 60%-ға, балық – 60%-ға, ірімшік пен сүзбе- 46%-ға және қант — 44%-ға қамтамасыз етеміз. Мұнда белгілі бір тәуекелдер бар. Әрине, Қазақстанда өндірілмейтін көкөністер мен жемістердің кейбір түрлері, апельсин, банан, лимон және т.б. қымбаттауы мүмкін.... Бірақ шамалы ғана. Біз мониторинг жүргізіп жатырмыз – соңғы аптада ештеңе қымбаттаған жоқ", – деді ол.
Оның айтуынша, дүкендерде баға бойынша стандартты мониторинг жүргізілуде.
"Бізде өспейтін апельсиндерге, лимондарға және басқа да цитрус жемістеріне келетін болсақ, қазір Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алаңында осы өнім түрлеріне кедендік әкелу баждарын төмендету мәселесі қаралуда. Бізде жабық жермен жұмыс істейтін, жылыжай салатын кәсіпорындар болғандықтан, бұл ертең олардың қызметіне қалай әсер ететінін, нарықта қысым болмайтынын қарастырамыз. Сондықтан жақын арада біз шешім қабылдаймыз. Егер біз кәсіпкерлерімізге қауіп төндірмейтінін көрсек, онда баждарды азайтамыз. Менің ойымша, бұл валюта бағамының әсерін жояды",-деп түсіндірді Премьер-Министрдің орынбасары.
Бұған дейін ол қазақстандық бидайды Оңтүстік-Шығыс Азияда сату жоспарлануда екенін айтты.