Түркістан облысында тұрғын мас күйінде айдап кеткен көлікпен жол апатын жасады

Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында өзгенің көлігін рұқсатсыз айдап, апат жасаған мас жүргізуші қолға түсті.

Төле би аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері автокөлік ұрлығына қатысы бар жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Оқиға таңғы сағат 06:00 шамасында болды.

Мас күйде болған ер адам пана іздеп жылынып алу үшін бөтеннің үйінің алдында тұрған Lexus автокөлігін байқап, есігін тартып көрген. Көлік кілттенбеген болып шықты.

Осы сәтті пайдаланған ол көлікке кіріп, жылынып алып, шарап ішуін жалғастырған. Артынан көліктің кілтін тауып, айдап кеткен.

Салдарынан ол рөлді басқара алмай, Opel Vektra көлігіне соғылып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды