Республика күні Түркістанның 300-ге жуық тұрғыны баспаналы болды

Сурет: Түркістан облысының әкімдігі
25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында Түркістан қаласында 260 пәтерлі, 3 көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға тапсырылды.

Тұрғындардың қуанышын бөлісуге облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып, азаматтарға баспана кілтін табыс етті.

Сурет: Түркістан облысының әкімдігі

"Сіздерді Республика күнімен құттықтаймын! Егемен еліміз мәңгі жасасын! Осындай айтулы мереке қарсаңында облыс орталығының тұрғындары қуанышқа бөленіп отыр. Біз халықты баспанамен қамту бағытындағы жұмыстарды тоқтатпаймыз. Бізден бір ғана талап – айналаны таза ұстап, тазалықты сақтау", - деді Дархан Сатыбалды.

Түркістан қаласының "Отырар" секторы аумағында 20 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Оның ішінде 9 тұрғын үйді "Бастау" корпорациясы арқылы сатып алу жұмыстары жүргізіліп, кезекте тұрған азаматтарға үлестірілуде.

Сурет: Түркістан облысының әкімдігі

Бүгін 3 тұрғын үй 123 көпбалалы отбасына, 129 халықтың "әлеуметтік жағынан әлсіз топтары" санатына енетін азаматтарға және 8 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға берілді. Қазіргі таңда Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде баспанаға мұқтаж 16 515 азамат тұр.

Жергілікті тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл облыс орталығында кезекте тұрған 222 отбасы арендалық баспанамен қамтамасыз етілді.

Сурет: Түркістан облысының әкімдігі

Сонымен қатар жыл соңына дейін кезектегі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 1728 пәтерлі 20 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. 

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

Елімізде тұрғын үйлердің маңына автокөліктерді қоюға тыйым салынады деген рас па - түсініктеме

Астана медицина университетіне академик Төрегелді Шармановтың есімі беріледі – Қасым-Жомарт Тоқаев

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

Қазақстан мен Қырғызстан Жамбыл облысына су беру туралы келісімге келді