Астанада жанып жатқан пәтердегі 6 жасар баланы көршілері аман алып қалды

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Елордада пәтерлердің біріндегі өрт көзінде үйде жалғыз қалып қойған 6 жасар баланы көршілері құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 2024 жылдың 25 қазанында Байқоңыр ауданында Кравцов көшесінің бойындағы көпқабатты пәтерлердің бірінде болған.

"112 пультіне Байқоңыр ауданында Кравцов көшесінің бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің 3-қабатында пәтер жанып жатқаны, пәтердің ішінде бала бар екені туралы хабарлама келіп түсті".ҚР ТЖМ

Шақыру орнына келген құтқарушылар ТЖМ қызметкерлері келгенге дейін көршілері пәтердің кіреберіс есігін ашып 2018 жылы туған баланы құтқарып алғаның анықтады.

Өрт сөндірушілер 1 шаршы метр алаңда матрас пен линолеумнің жануын жедел түрде сөндірді.

Бала зардап шеккен жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Бұған дейін Алматыда 7 млн теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі ұсталғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті