Алматының бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың камера қосылды

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда "Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі" (ББЖ) жобасын жүзеге асыру жалғасып келеді. Бұл туралы қаланың цифрландыру басқармасы мен Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесі хабарлады.

ББЖ жобасының негізгі міндеті – қаладағы барлық бейнебақылау камераларын бір платформаға біріктіріп, түрлі тапсырмаларға арналған бейнеағындарды көп мәрте пайдалану және нақты уақыт режимінде бейне талдау қалыптастыру.

Бейне талдау түтінді, отты, қалған заттарды, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғаларды, киімді, жынысты және бет-әлпетті тану және т.б. негізінде қалыптасады.

Қазіргі уақытта 603 мемлекеттік және 906 жеке нысан бейнеағындарын ББЖ-ға қосу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде Бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың бейнекамера қосылған.

Биыл екінші тоқсанда "Сергек" зияткерлік қауіпсіздік жүйесінің қосымша 300 аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды.

Айта кетейік, қалада 9034 бейнекамерадан тұратын 1641 "Сергек" кешені жұмыс істеп тұр.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы маңында есірткі зертханасы жойылды: күдікті өмір бойына түрмеге тоғытылуы мүмкін

Алматыда мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережесі өзгерді

Қазақстанда 2025 жылы рақымшылық бойынша қанша адам бостандыққа шықты

7 маусым - Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні: мереке тарихы және ел үшін маңызы

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 2 маусымда қай өңірлерде ескерту жасалды