Астанада Ұлттық ұлан жауынгерлері ер адамның өмірін сақтап қалды

Сурет: ҚР ІІМ
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 елордалық әскери бөлімінің сарбаздары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде, кенеттен есінен танып құлаған адамға алғашқы көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байқоңыр ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі барысында сағат 19:30 шамасында әскери жасақ бастығы қатардағы Мейрам Бекболатов, патрульшілер Манасбек Дәулетбаев пен Мейірбек Ақылбек ес-түссіз қансырап жатқан адамды байқады.

"Жерде жатқан азаматты көрген бойда бірден уақыт жоғалтпай жедел жәрдем шақырдық. Медицина қызметкерлері келгенге дейін бас жарақатын таңып, қан ағуын тоқтатып, алғашқы көмек көрсеттік. Кейін белгілі болғандай, ол есінен танып құлағанда басы бордюрға соғылған екен", — деді қатардағы Мейрам Бекболатов.

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер жедел ем-дом көрсетіп, жәбірленушіні ауруханаға жеткізді. Азаматтың қазіргі жағдайы орташа ауыр дәрежеде деп бағаланып отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Найзағай мен нөсер жаңбыр: қазақстандықтарға 8 қыркүйектегі қолайсыз ауа райы туралы ескертілді

Соболенко Рыбакинамен бірінші орын үшін таласқа қатысты пікір білдірді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстандықтардың басым бөлігі соңғы үш жылда өмір сүру жағдайының жақсарғанын байқаған – ҰТО зерттеуі