Қанат Шарлапаев теміржол машина жасауда Wabtec және Alstom компанияларының технологиялары бойынша локомотивтер, сондай-ақ жүк және жолаушылар вагондарының өндірісі жолға қойылғанын атап өтті.
"Бүгінгі таңда сектор кәсіпорындары 423 млрд теңгеге өнім өндірді, өсім 1,5 есе. Жыл қорытындысы бойынша жүк вагондары өндірісін төрт есеге – 2 000 бірлікке дейін, жолаушылар вагондары 122 бірлікке дейін және локомотивтер өндірісінің 128 бірлікке дейін өсуін қамтамасыз ету міндетін қоямыз. Жалпы, теміржол машинасын жасау даму үшін зор әлеуетпен сипатталады", — деді министр.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта жылжымалы құрамның жалпы паркі шамамен 139 мың бірлікті құрайды. Орташа тозу-55%.
"Осыған байланысты жаңа жобаларды іске қосу жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылы қуаттылығы жылына 100 бірлік болатын "Стадлер Қазақстан" зауытында жолаушылар вагондарының өндірісі іске қосылады. Ағымдағы жылы "ТексолТранс" компаниясы қуаттылығы жылына 6 мың бірлік жүк вагондары мен цистерналар өндіру жөніндегі жобаны іске асыруды бастады. "Семей машина жасау зауыты" жылына 600 бірлік жартылай вагон өндірісін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде. "Railcast Systems" бандаж кешенін құру жобасы іске асырылуда. Іске қосу мерзімі 2025-2026 жылдар. 2025 жылы "Востокмашзавод" № 10 цехты жаңғыртуды аяқтауды жоспарлап отыр, бұл орта және ірі вагон құюды импортты алмастыруды қамтамасыз етеді", – деді ол.
Оның айтуынша, 2024 жылдың соңында Қостанай облысында серіппелер шығаратын зауыт іске қосылады.