Алматы облысында жол апаты болды: жолаушы қаза тапты

Фото: Zakon.kz
Алматы облысында жол апатынан бір жолаушы қаза тауып, үш адам зардап шекті.

28 қазанда Еңбекшіқазақ ауданы Ақтоғай ауылының маңындағы Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 51-шақырымында жол апаты болды.

LADA Largus жүргізушісі рөлді басқара алмай, ағашқа соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы ретінде келе жатқан 40 жастағы әйел сол жерде қайтыс болды.

Жүргізуші мен екі жолаушы әртүрлі жарақаттарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Көлік жүргізу кезінде басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігі сізге байланысты екенін ұмытпаңыз.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды