ІІМ баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, кездесуде тараптар қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимыл перспективаларын, соның ішінде қылмыстың ұйымдасқан түрлеріне, есірткінің заңсыз айналымына, экстремизмге, киберқылмысқа қарсы күрес мәселелерін, сондай-ақ адамдарды іздестіру және тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықты талқылады.
Сурет: ҚР ІІМ
"MILIPOL QATAR-2024" 15-ші халықаралық қауіпсіздік көрмесінің аясында өткен Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қою сапардың басты нәтижесі болды.
Сурет: ҚР ІІМ
Бұл келісім құқық қорғау саласындағы Қазақстан-Катар қатынастарының жаңа кезеңін ашып, қауіпсіздік бағытындағы өзара іс-қимыл мен күш-жігерді үйлестірудің құқықтық негізін қалыптастырады.
2024 жылғы 30 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен телефон арқылы сөйлесті. Сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы Қазақстан-Катар ынтымақтастығын кеңейту мәселелері, сондай-ақ ағымдағы жылдың басында қол қойылған ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісімді жүзеге асыру барысы талқыланды.