Алматыда тағы үш жаңа қала маңындағы автобус бағыты іске ашылды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы мегаполисінің агломерациямен көлік байланысын нығайту мақсатында 1 қарашадан бастап тағы үш қала маңы маршруты іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

№245 маршрут: Ұзынағаш ауылының автобекетінен – Төле би-Яссауи автобекетіне дейін. Бұл бағытта үлкен сыйымдылықтағы 25 автобус қызмет көрсетеді. Қозғалыс уақыты: 5:45-тен 23:00-ге дейін. Тасымалдаушы – "Ecobus service" ЖШС.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

№254 маршрут: Қаскелең – "Сәлем" базары. Мұнда үлкен сыйымдылықтағы 16 автобус жұмыс істейді. Қозғалыс уақыты: 5:50-ден 23:00-ге дейін. Тасымалдаушы – "Мәдина" ЖШС.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

№239 маршрут: "Б.Момышұлы" метро бекеті – Долан ауылы. Бұл бағытта 18 автобус қызмет көрсетеді. Қозғалыс уақыты: 5:30-дан 23:01-ге дейін. Тасымалдаушы – "Neo City Trans" ЖШС.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жол ақысы қала ішіндегі сияқты 120 теңге, барлық автобус "Onay" электронды билеттеу жүйесімен жабдықталған.

Айта кету керек, жолаушылар мен жүкті автокөлікпен тасымалдау ережесіне сәйкес, бұл маршруттар тасымалдаушыларға байқау өткізілгенге дейін уақытша берілді және сынақ режимінде жұмыс істейді. Мониторинг нәтижесі бойынша маршруттардың қозғалыс сызбалары жолаушылар легі мен халықтың қажеттілігіне қарай түзетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алынып, 50-ге жуық елді мекенді қамтитын 22 жаңа бағыт, соның ішінде 10 қала маңы маршруты ұйымдастырылды. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электр автобусы сатып алынды.

Қазақстан
Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды