Шавкат Рахмонов мәлімдеме жасады

Сурет: Instagram/shavkatrakhmonov94
30 жастағы қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов титулдық жекпе-жегі өтпейтіннен кейін жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы америкалық Белал Мұхаммедке жүгінді. Ол өзінің үндеуін X (Twitter) әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рахмонов ең алдымен Белалдың тезірек сауығып кетуін тіледі. Содан кейін ол өзінің жоспарлары туралы айтты.

"Сізді 100% қалпына келтірген кезде көреміз, мен UFC310-да уақытша титул үшін кез келген қарсыласпен күресуге дайынмын." Шавкат Рахмонов

Тарихи титулдық жекпе-жектің жойылғаны 2024 жылдың 31 қазанында белгілі болды. Жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек 8 желтоқсан күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) өтуі керек еді, бірақ америкалық спортшы тарапынан белгісіз себептермен кездесу белгіленген уақытта өтпейді.

Қазір Nomad енді UFC 310 турниріне қатыса ма, әлде палестиналықтың қайтып келуін күте ме деген келіссөздер жүріп жатыр.

Қазақстан
Рахмонов Шавкат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды