1 қарашадағы саудада доллар біршама арзандады

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 1 қарашада сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,12 теңгеге төмендеп, 488,11 теңге болды.

Юаньнің орташа сараланған бағамы 68,42 теңгеге дейін көтерілді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 488,1-489,9 теңгеге, еуро 530-534 теңгеге, ресей рублі 5,01-5,11 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 1 қарашадағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, Лондондағы Brent маркалы желтоқсан фьючерстерінің бағасы таңертең бірден 1,42 долларға көтеріліп, барреліне 74,23 долларды құрады.

Нью-Йоркте желтоқсанда жеткізілетін WTI маркалы мұнай барреліне 2,74%-ға өсіп, 71,16 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 488,26 теңге, еуроны 530,54 теңге, рубльді 5,03 теңге деп белгіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды