Кәмелетке толмаған баланың телефонын тартып алған күдікті анықталды

Фото: freepik
Степногорск қаласында 3 қараша күні кешкі сағат 19.30 шамасында полиция басқармасына жергілікті тұрғынның шағымы түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, 15 жастағы ұлының Redmi Note 12 Pro телефонын танысы ашық түрде тартып әкеткен.

Шығын мөлшері – 160 мың теңге Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 19 жастағы күдіктіні қолға түсірді.

Тергеу барысында күдіктінің жәбірленушімен қала көшелерінің бірінде кездесіп, телефонды күшпен тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткені анықталды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Көшедегі тонау оқиғаларының алдын алу үшін полиция қызметкерлері барынша сақ болуды ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды