"Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары үшін сезімталдық 3-4 баллды құрады. Бұл сейсмикалық оқиға республикамыздың жоғары сейсмикалық аймағы үшін табиғи фондық процесс болып табылады.Құрметті азаматтар, тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы арандатушылыққа бой алдырмауларыңызды сұраймыз", – деді Дәулет Сәрсенбаев.
2024 жылғы 5 қарашада сағат 10:00-де Алматы қаласы мен Алматы облысында жер сілкінісі болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жерасты дүмпулерін ең көп Талғар мен Есік (4 балл) тұрғындары сезген. Алматыда жер сілкінісінің болжамды күші 3 баллды құрады.
Кейін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы жағдай туралы айтты. Ал әлеуметтік желілерде жер сілкінісі фонында Талғардағы бақылау камераларының дүбірі мен дірілін түсірген видеолар пайда болды.
Оқи отырыңыз