Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш тәулік, 2024 жылғы 7-9 қараша аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, елорда мен елдің екі ірі мегаполисі тұрғындарын қолайсыз ауа райы күтіп тұр.

Астана:

7 қараша - аспан бұлтты, қар жауып, көктайғақ болады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні -  15-20 м/с, кей тұста -  23-28 м/с, тіпті 30 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз: -4...-6°С.

8 қараша - аспан бұлтты, аздап қар жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -5...-7°С, күндіз: -3...-5°С.

9 қараша - аспан бұлтты, аздап қар жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: - 6...-8°С, күндіз - 2...-4°с.

Алматы:

7 қараша - аспан бұлтты, аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз: +1...+ 3°С.

8 қараша - аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұста - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+ 2°С, күндіз: + 4...+6°С.

9 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+ 2°С, күндіз: + 7...+ 9°С.

Шымкент:

7 қараша - аспан бұлтты, түнде және таңертең-жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, түнде - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+ 2°С, күндіз +6...+8°С.

8 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, күндіз -15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +8...+10°С.

9 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығысқа ойыса оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +8...+10°С.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміз бойынша 2024 жылғы 7, 8 және 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Болжамға сәйкес, Қазақстанға арктикалық циклон жылжып келеді, сынап бағаны 11 градусқа дейін төмендеп, күн күрт суытады. 

Алматы Шымкент Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: