Биыл Алматыда 1800-ден астам мопед айыппұл тұрағына қойылды

Мопедист, мопедисты, мопед, мопеды Фото: unsplash
Алматыда "Қауіпсіз жол" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы басталды.

Қала жолдарында апатты жағдайды тұрақтандыру мақсатында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау бойынша бірқатар шаралар атқарылды.

Қаладағы жазатайым оқиғалардың жай-күйіне көліктердің баламалы түрлерінің: мопедтер мен электрсамокаттардың танымал болуы әсер етеді.

Талдау көрсеткендей, жыл басынан бері мопедтің қатысуымен 930 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 953 адам зардап шекті, тағы 15 адам қаза тапты.

Ал қалада самокаттардың қатысуымен 127 ЖКО болды. 133 адам зардап шекті, абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Сондай-ақ жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 31894 мопедист пен 28 мың 762 самокат пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мамандандырылған айыппұл тұрағына 1800-ден астам мопед қойылды, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.


Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

34 көлік, пәтер, пентхаус пен үй тәркіленді: 290 қазақстандықты миллиардтаған теңгеге алдап кетті

Қазақстанда орташа жалақы қаншаға көтерілгені белгілі болды

Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достық аллеясы ашылды

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билеттер қаншадан сатылады

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне қатысты түпкілікті шешім қабылданды