Бүгін Астананың кей ауданында жаяу жүру және көлік қозғалысы шектеледі

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Бүгін, 9 қарашада сағат Астанада терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Терроризмге қарсы орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 қарашада сағат 7:00-14:00 аралығында Астананың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы қала аумағында Ветеренария бойынша ұлттық референттік орталықта (Абайдың 150 жылдығы көшесі, 22/3 үй) терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізеді.

Ведомствоның хабарлауынша, шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы қызмет органдары күш-құралдарының  терроризм қауіптеріне қарсы жедел әрекет ету дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығу аясында белгілі деңгейде тыйымдар мен қаланың кейбір аудандарында жаяу жүру және көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізу қарастырылған.

"Осыған орай, азаматтарды өтіп жатқан шараға түсінікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырамыз", - делінген хабарламада.
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды