Ақтөбе облысындағы тікұшақ апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды

Сурет: polisia.kz
9 қарашада Ақтөбе облысындағы аэродром аумағында оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде МИ-8 тікұшағы қатты қонып, артынша отын бактары өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігі осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ҚР ІІМ ӘТД Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы.

Еске салайық, бұған дейін 9 қарашада Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатты жағдайда қонғанын хабарлаған едік.

Бортта болған 3 экипаж мүшесінің екеуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты.

Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі - техникалық ақау.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды